Түркістан облысының басшысы: әкімдердің халықпен кездесулері жаңа форматта өтіп жатыр


Новости / 29 ноя 2023 22

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында әкімдердің халықпен кездесулері жаңа форматта өтіп жатыр. Биыл барлық деңгейде жалпы 3 733 кездесу ұйымдастырылып, 6 578 мәселе көтерілді.

Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында хабарлады. «Инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, әлеуметтік мәселелер ең жиі көтерілгендердің бірі болды. Бұл сұрақтардың барлығы бюджеттен қомақты қаржыны талап етеді. Бюджеттің мүмкіншілігіне қарай, көтерілген мәселелердің шамамен 89% шешілді. Басты міндетіміз – тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту. Бұл жұмыстар өз жалғасын табады», - деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар спикер Түркістан облысы бойынша 140 ауылдық округ әкімдері сайланғанын атап өтті. Биыл 4 аудан әкімінің сайлауы өткен.

Дереккөз: ortcom

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.