Су тасқыны салдарынан келтірілген залалды бағалау жөніндегі арнайы комиссия Ақтөбе тұрғындарынан өтінімдер қабылдай бастады


Новости / 06 апр 2024 24

2024 жылғы 6 сәуірде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Ақтөбе облысына барды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Облыс орталығында вице-премьер Елек өзенінің жағасында орналасқан су басқан «Эко» және «Көктем» бау-бақша ұжымдарының тұрғындарымен кездесті. Жиналғандарды қызықтырған басты мәселе материалдық шығынның қалай өтелетіні болды. Серік Жұманғарин адамдарды су тасқынынан болған барлық материалдық шығын өтелетініне сендірді.

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров өңірде арнайы комиссия құрылғанын, оның мүшелері зардап шеккен тұрғындардың тиісті өтініштерін қарап жатқанын айтты. Облыста 689 саяжай үйі су астында қалып отыр.

Сонымен қатар Серік Жұманғарин Ақтөбе су қоймасын тексерді. Су тасқыны кезеңінде жобалық қуаты 245 млн текше метр бола тұра, су қоймасына 485 млн текше метр еріген қар суы жиналды.(Дереккөз:ortcom)

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.