Сот академиясы сот біліміне жаңа тәсілдерді енгізіп жатыр


Новости / 10 июн 2026 28

ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот академиясы — еліміздегі болашақ судьяларды даярлайтын, қолданыстағы судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын бірден-бір мамандандырылған жоғары оқу орны. 2017 жылдан 2025 жылға дейін Академияны 600-ге жуық адам бітіріп шықты, олардың шамамен 80%-ы сот жүйесінде жұмыс істейді. Түлектердің 95%-ы біліктілік емтиханын сәтті тапсырады.

Академия ректоры Қанат Мусин атап өткендей, бұл даярлықтың жоғары сапасын және сот білімінің қолданыстағы моделінің тиімділігін көрсетеді. 2025 жылғы ақпанда Академияны дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді.

«Магистратураның білім беру бағдарламалары толығымен жаңартылды. Олар барынша практикаға бағдарланған және сот практикасының заманауи үрдістерін ескереді. Дамудың жаңа бағыттарының бірі ғылыми-педагогикалық магистратураның іске қосылуы болды. Академия алғаш рет«Құқық» бағыты бойынша докторанттарды даярлауға лицензия алды. Осылайша, бүгінде біз жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің магистратурадан докторантураға дейінгі толық циклін қамтамасыз етіп отырмыз», – деді спикер ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.

Оқыту тәсілдері де жаңартылды: болашақ судьялар нақты кейстермен жұмыс істейді, сот практикасын зерттейді, сот процестерін модельдеуге қатысады және соттарда тағылымдамадан өтеді. Сонымен қатар референдиат институты енгізілді. Судьялардың біліктілігін арттыру үшін әмбебап бағдарламалармен қатар, судьялардың нақты кәсіби қажеттіліктеріне бағытталған жеке білім беру траекториялары енгізілді.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.