SMM, IT мамандары, қолөнершілер және банк қызметкерлері: Алматыда жастар үшін сұранысқа ие мамандықтар аталды


Новости / 14 июн 2023 17

ӨКҚ брифингінде Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Әзиз Қажденбек сұранысқа ие мамандықтардың қатарында SMM-мамандары мен қолөнершілер бар екенін айтты. Сондай-ақ, жұмыс берушілерге талантты IT мамандары қажет.

«Қазіргі уақытта бос жұмыс орындарының ең көп саны банк салаларынан келеді, негізінен call-орталық операторлары мен инженерлерді іздейді. Өзекті мамандықтардың ішінде барлық компанияларға SMM менеджерлері мен мобилографтар қажет. Осыған байланысты біз жастар арасында танымал өзекті мамандықтар бойынша курстарды іске қостық. Қолөнер мамандықтары да сұранысқа ие – олар электр

ӨКҚ брифингінде Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Әзиз Қажденбек сұранысқа ие мамандықтардың қатарында SMM-мамандары мен қолөнершілер бар екенін айтты. Сондай-ақ, жұмыс берушілерге талантты IT мамандары қажет.

«Қазіргі уақытта бос жұмыс орындарының ең көп саны банк салаларынан келеді, негізінен call-орталық операторлары мен инженерлерді іздейді. Өзекті мамандықтардың ішінде барлық компанияларға SMM менеджерлері мен мобилографтар қажет. Осыған байланысты біз жастар арасында танымал өзекті мамандықтар бойынша курстарды іске қостық. Қолөнер мамандықтары да сұранысқа ие – олар электриктер, дәнекерлеушілер және қыш өнері», – деп атап өтті Ә.Қажденбек.

Сонымен қатар, IT мамандандыру курстары іске қосылған, өйткені көптеген бос жұмыс орындары осы саладан келеді. Бұл бағыт жастарды жоғары жалақысымен қызықтырады.

«Жастар бұл салада жұмыс істеуге ниет білдіруде, өйткені бұл саладағы орташа жалақы басқа кең таралған салаларға қарағанда көбірек. Сондай-ақ, біз софт-скиллдер бойынша қысқа мерзімді курстарды да іске қостық», – деп толықтырды спикер.

Сонымен қатар, қалалық Мансап орталығының басшысы Әскербек Насамбаев Jobfair 365 бос жұмыс орындарының цифрлық жәрмеңкесінің іске қосылғаны туралы айтты.

«Қалалық мансап орталығы – бұл жұмыс берушілермен, ЖОО түлектерімен және жұмыссыз жастармен тікелей байланысы бар алаң. Біз 18 жастан 35 жасқа дейінгі жастарды жұмысқа орналастыруға бағдарланғанбыз. Біз сондай-ақ Jobfair 365 сандық платформасының операторларымыз. Ол осы жылдың мамыр айында іске қосылды», – деп бөлісті ол.

Спикер атап өткендей, платформа жұмыс берушілер үшін де, жұмыс іздеушілер үшін де тегін. Мұнда жастар үшін барлық өзекті бос орындар жарияланады. Сондай-ақ, Алматы қаласындағы бос орындар мен іс-шаралар туралы өзекті ақпаратты jasalmaty.kz бірыңғай платформасынан алуға болады.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.