"Шошқаға бөлінген қаржы жылқыдан 40 есе көп?!",- Қазыбек Иса


Новости / 31 янв 2024 20

Бүгін, 2024 жылы 31 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа биылғы қалың қар, қатал қыстағы жылқы малының қиын жағдайы туралы “Ақ жол” фракциясының депутаттық сауалын жариялады.

Биылғы қыс мал шаруашылығына кері әсерін тигізуде. Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында қазіргі таңда бұл саладағы өзекті мәселелерді атап өтті:

  1. Еліміздің солтүстік өңірлерінде жем-шөптің таусылып, далада қардың беті жаппай мұз құрсанып, жылқылар тебіндей алмай, толықтай қолға қараған, өлім-жітім көп деген ақпараттар келуде. Шаруалар онсыз да жем-шөбі жоқ, жөнді субсидия берілмейтін жылқы малынан айырылып қалу қаупі бар. Өйткені, жем-шөбі таусылған фермерлер де, қорадағы малына қараған ауыл адамдары да жылқыны арзан бағада болса да, соғым орнына жаппай сатып жатыр.
  1. Ақмола облысының бірнеше ауданында жылқы басының азайып бара жатқанын айтып, дабыл қаққандар көп. Зеренді ауданындағы Ақадыр, Васильков, Заречный, Шағалалы сияқты ондаған ауылда жұрт жем-шөп таппай, қиналып отыр. Ақкөл ауданының малшыларының жағдайы да мәз емес. Шөптің бағасы тым шарықтап кетіп, бір орамы 20 мың теңгеге дейін жетті дейді.

  2. Бұған басты себеп – жайылым және шабындық жерлердің тапшылығы. Тіпті, жайылым жерінен мүлдем айырылып қалған көптеген ауылдарда (Зеренді ауданындағы Ақадыр, Айғыржал, Ортақ, Қошқарбай, Раздольный, Күсеп, Первомайский) жылқылар қолға қарап тұр. Егінді елдің іргесіне дейін егіп тастаған. Жанармай құны 300 теңгеден асып, аспандап кеткен. Осындай қыс қыспағы мен қиын-қыстаудың кесірінен әр ауылда жылқылар өліп жатқаны, қолындағы бар жылқысын тұяқ қалдырмай түгел сатып жіберген фермерлер жайлы ресми басылымдар да жазуда.

Депутат шұғыл түрде кешенді шаралар қабылдау қажеттілігін атап өтті:

  1. Үкімет пен құзырлы министрлік, ведомстволар, әкімдіктер қазаққа қадірі артық жылқы малын аман алып қалу үшін арнайы «Жол картасын» жасауы қажет.

  2. Бүгіндегі ең үлкен мәселенің бірі - шаруалар бейнеттеніп өсірген жылқысын лайықты бағасына сата алмауы. Сондықтан жылқы етін мемлекеттік сатып алу тізіміне міндетті түрде енгізу қажет.

3.Үкімет жылқыға субсидия беру мәселесін қайта қарауы тиіс. Бізде мал шаруашылығында құс тұқымдарына да, тіпті шошқаға да субсидия бар, ал төрт түліктің төресі жылқыға мардымды субсидия жоқ. Республикалық бюджеттен 2023 жылы - жылқыға бар болғаны 52,9 млн. теңге бөлінсе, шошқаға - 2,1 млрд. теңге бөлінген.

  1. Жайылым мәселесі үшін мемлекеттік комиссия құрылып, жердің қаншалықты, қалай жаратылып жатқанын түпкілікті тексеріп, нақты шешу керек!

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.