Шетелдік рұқсат бланкілерін таратудың жаңа тәртібі барлық мемлекеттік органдармен талқыланып, келісілгеннен кейін ғана енгізіледі


Новости / 06 мар 2024 19

ҚР Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы Әлі Алтай ОКҚ алаңында өткен баспасөз конферецниясында шетелдік рұқсат бланкілерін берудің ұсынылған тәртібі мен бақылау туралы айтты.

«Біз енгізгелі отырған жаңа талап - бланкіні алғаннан кейін – егер бланк алсаңыз және ол компанияңызға толығымен ресімделген болса, онда Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға тура 30 күн уақыт беріледі. Бақылау «Бүркіт» жүйесімен бірлесіп жүзеге асырылмақ. Біз бұл көліктің белгіленген мерзімде шыққан-шықпағанын көреміз. Егер ол жолға шықпай, бланкіні ұстап отырса, оған тәртіптік шектеулер қойылады. Жақын арада біз барлық қажетті рәсімдерден өтіп, жариялауды жоспарлап отырмыз. Мемлекеттік тіркеуден өткен соң бланкілерді таратудың жаңа тәртібі бойынша жұмыс істей бастаймыз», - деді спикер.(Дереккөз:ortcom)

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.