Өрт сөндіру техникасы жаңартылады


Новости / 22 мая 2024 13

Елімізде қолданылып жатқан өрт сөндіру техникалары 80-90 жылдары шығарылған. Ал, ереже бойынша мұндай техника әр 7 жыл сайын қолданыстан шығарылуға тиіс. Биыл Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мамандары өңірлерде тексеріс жүргізіп, 158 техниканың тозғанын анықтады. Оның ішінде, 121-і жөнделіп, іске қосылды.

«Орманшылар қаражат бөліп, тиісті жабдықтар алып жатыр. Оған қарамастан, 2023 жылы жоспар бекітілді. Оның аясында 68,6 млрд теңге қаражат көзделген. Соның ішінде 1 мыңнан астам автокөлік алу мәселесі қарастырылды. Биыл министрлік тарапынан 15,4 млрд теңге қаражат бөлінді. Өрт автокөліктері, тракторлар, патрульдік автокөліктерді сатып алу жүріп жатыр», - деді ҚР ЭТРМ Мемлекеттік бақылау, орманды қорғау және сақтау басқарма басшысы Ануарбек Бермағамбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.(Дереккөз:ortcom)

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.