Радиациямен уланган ауылдар: Күйзелген жұрттың жаны


Жамбыл облысы, Шу ауданының Шатыркөл ауылы жанындағы «Шатыркөл» кен орнынан шикізатпен қосыла бөлініп шығатын улы заттардың аудан экологиясына тигізер орасан зор зиянын зерттеу барысында көптеген ақпараттарды жинай отырып, халықтың онкологиялық ауруға шалдығып жатқанын байқадық

Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшысы Арсен Латыповтың айтуынша аудан және оған қарасты ауыл адамдарының бұлайша дүрлігуіне елді-мекендердегі экологиялық ахуалдың бақылаудан шығып кетуі себеп болып отыр. Әсіресе, қаладағы «Тараз металлургиялық зауыты», «Тараз» УМГ» және «Казфосфат» ЖШС секілді өндіріс орындарының қоршаған ортаға келтіріп отырған зардабы өте зор. Жүргізілген тексеру барысында бір ғана «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктесігінен фосфогипс қалдықтары үйіндісінің 16 мың тоннасы ашық-шашық күйінде жатқаны анықталған. Оларды қайта өңдеу бойынша компания әлі күнге дейін ешқандай шаралар қолданып жатқан жоқ. Шара қолданбақ түгілі осы уақытқа дейін шөптің басын сындырмай, осыншама көлемдегі улы заттарды иесіз қалдырғаны үшін «Казфосфаттың» жұмысын тоқтатып, басшыларын қылмыстық жауапкершілікке тартудың орнына тексеруші орган айыппұл төлетумен ғана шектелген.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.