Президент Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысы Матиас Корманмен кездесті


Новости / 28 мар 2024 18

Боао Азия форумының аясында Мемлекет басшысы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Бас хатшысы Матиас Корманмен кездесу өткізді.

Қазақстан Президенті Бас хатшыға ілтипат білдіре отырып, оның Боао форумына қатысуы ЭЫДҰ-ның Азияға айрықша назар аударатынын дәлелдейді деп атап өтті.

"Бұл аймақты алып экономикалық қауымдастық деуге болады. Сондай-ақ Қазақстан осы кеңістікте, кем дегенде, өңірлік өлшемде аса маңызды рөл атқарады. Форумда сөйлеген сөзімде ЭЫДҰ-мен арадағы ынтымақтастыққа ерекше мән беретініміз жөнінде айттым. Өкілдеріміз ЭЫДҰ комитеттерінің отырыстарына тұрақты түрде қатысады. Біз ұйымның ұсыныстарын ескеруге тырысамыз. Өздеріңізге мәлім, мен Қазақстанның экономикалық саясатын ЭЫДҰ-ның жоғары стандарттарына сәйкестендіру жөнінде мақсат қойдым", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.(Дереккөз:ortcom)

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.