Полицейлер ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерге көмек көрсетіп, жол қозғалысының шектелгені туралы ескертуде


Новости / 07 фев 2024 31

Ауа райының қолайсыздығына байланысты полицейлер жүргізушілер мен жолаушыларға Түркістан облысының жолдарындағы автокөліктер үшін қозғалыс шектелгені туралы ескертеді.

Бүгін, 7 ақпаннан бастап Алматы-Ташкент-Термез трассасының 593-654 шақырымында, яғни Жамбыл облысының шекарасындағы Шақпақ баба мен Машат елді мекеніне дейін көлік құралдарының барлық түрлеріне қозғалыс шектелді.

Өз кезегінде, Түркістан облысы ПД-нің патрульдік полицейлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында күшейтілген режимде қызмет атқаруда.

Сонымен қатар жолда тұрып қалған жүргізушілер мен жолаушыларға көмек көрсетуде. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындары мен жүргізушілерін алыс жолға шығудан бас тартуға, жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жолда абай болуға шақырады!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.