Павлодар өңірінде биылғы 10 айда 26 мыңнан астам жұмыс орны құрылды


Новости / 27 ноя 2023 17

Павлодар облысында ауыл халқының табысын арттыру үшін «Ауыл Аманаты» жобасы аясында ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер 1,5 млрд теңгеге 192 шағын несие алып, 350 жаңа жұмыс орны ашылды.

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов хабарлады.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 позициясындағы 14-нің бағасы орташа республикалық бағадан төмен, ал, 9 позиция бойынша облыс ең төмен бағамен ТОП-5 өңірге кіреді», - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, биылғы 10 айда 26 533 жұмыс орны құрылды. Жыл басынан бері өңірдегі 63 кәсіпорын өздерінің 57 мың қызметкерінің жалақысын көтерді. Жалақының өсуі орта есеппен 16% құрады.

Дереккөз: ortcom

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.