Олжас Бектенов Президенттің Екібастұз ЖЭО-сын жаңғырту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді


Новости / 06 мар 2024 21

Павлодар облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов коммуналдық-энергетикалық секторды жаңғырту жұмыстарының барысымен және тұрғындарды жылумен үздіксіз қамтамасыз ету шараларымен танысты.

Премьер-Министр Екібастұздың жылумен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру процесін жалғастыру қажет екенін атап өтті. Үкімет тарапынан толықтай қолдау көрсетілетін болады.

«Біз Екібастұздың 2022 жылдың қысында қандай қиыншылықты бастан өткергенін білеміз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет резервінен жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге және Жылу электр орталығын жаңғыртуға 16,4 млрд теңге бөлінді. Меншік иелерімен бірлесіп, Жылу орталығының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. Барлық қазандықтар жөндеуден өтті. Қаланың жылу желілерін жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Жұмыс қарқынын арттырып, жылу желілері мен жылу көздері жабдықтарының тозуын азайту қажет», — деді Олжас Бектенов.(Дереккөз:primeminister.kz)

Қуаттылығы жылына 300 мың бірлік өнім шығаратын кәсіпорынды іске қосу Екібастұзда толыққанды теміржол кластерін құруға және импортты алмастыруға елеулі үлес қосуға мүмкіндік берді. Зауыт республиканың ҚТЖ және өнеркәсіптік кәсіпорындарының қажеттіліктерін ішінара өтейді, сондай-ақ өнімді Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанға жеткізеді. Сондай-ақ еуропалық нарыққа арналған дөңгелектер өндірісін меңгеру жоспарда бар. Қазіргі уақытта техникалық құжаттама дайындалып, өндіріс процесі ұйымдастырылуда.

Олжас Бектенов мемлекет теміржол саласын дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті, өйткені барлық жүк айналымының шамамен 70%-ы және жолаушылар тасымалының 60%-ға жуығы темір жолдардың үлесіне тиесілі.

«Бұл – Орталық Азияда баламасы жоқ бірегей кәсіпорын. Сіздерде тұрақты тапсырыстар бар. Өндіріс қуатын арттыру үшін мүмкіндіктер жеткілікті. Аталған зауыттың толық жүктелуін қамтамасыз ету маңызды», — деді Премьер-Министр.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.