Нашақорлыққа қарсы күреске барлық мемлекеттік органдар тиімді қатысуға тиіс – Ержан Саденов


Новости / 27 мая 2024 14

Ішкі істер министрлігінде нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы есірткінің заңсыз айналымына қарсы күреске ерекше назар аударып отыр. Қазіргі таңда есірткінің синтетикалық түрлері үлкен проблемаға айналған. Соңғы жылдары “синтетиканы” тәркілеу көрсеткіші жоғары. Сонымен қатар жастардың есірткі қылмысына тартылуы жиілеген.

– Нашақорлыққа қарсы күреске барлық мемлекеттік органдар тиімді қатысуға тиіс. Мұндағы негізгі бағыт – нашақорлықтың алдын алу, емдеу және оңалту. Сіздердің миссияларыңыз маңызды. Балалар – біздің болашағымыз. Ал есірткі ұлт болашағына қауіп төндіріп отыр, – деп атап өтті Ішкі істер министрі Ержан Саденов.

Кеңесте Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспардың орындалу барысы қаралды. Сондай-ақ маусым айында есірткіге қарсы айлықты өткізу ұсынылды.

– Есірткіге қарсы айлықты бастауды және оны тұрақты негізде жүргізуді ұсынамын. Біз “жазаның бұлтартпастығы” принципі туралы айтып отырмыз. Қоғамда есірткінің кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік болуы керек, – деді министр.(Дереккөз:ortcom)

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.