Қазақстан мен Қытай елдерінің тауар айналымын арттыру мақсатында бірлескен ынтымақтастығы жалғасуда»
Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Мемлекеттік кірістер комитеті тауар айналымын арттыру және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бағытында ауқымды жұмыстарды атқаруда.
2023 жылғы 23 қараша Астана қаласы
Халықаралық ынтымақтастық аясында Қазақстан мен Қытай кеден қызметтерінің басшылары арасында бірқатар кездесулер өтіп, өзара ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу туралы келісімдерге қол жеткізілді.
Қазақстандық тараптың бастамасымен Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттерінің өткізу қабілеті мен жұмыс уақытын ұлғайту туралы келісімдерге қол жеткізілді.
Атап айтқанда, ең ірі «Нұр Жолы» автомобиль өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істеу кестесіне көшсе, қалған автомобиль өткізу пунктері күнделікті 12 сағаттық жұмыс кестесіне көшуде.
«Qoldau» платформасында электронды кезектің енгізілуіне байланысты Қазақстаннан шығу кезінде шекарадан өту уақыты қысқарып, Қытайдың шетелдік рұқсат бланкілерін беру автоматтандырылды.
Бақылауды орталықтандыру шеңберінде қашықтықтан құжаттық тексеру арқылы кеден органының лауазымды тұлғасы мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасындағы байланыс алынды, онлайн бейнежетондар арқылы бақылау-өткізу пункті қызметкерлерінің іс-әрекеті бақылауға алынды, интеллектуалды бейнекамералар арқылы шекарадан өту уақытына есеп жүргізілді.
Қабылданған шаралардың есебінен ағымдағы жылдың 10 айында кедендік төлемдер мен салықтардан түскен түсімдер 3,3 трлн. теңгені құрады, оның ішінде үшінші елдерден импортталатын ҚҚС 36%-ға өсіп, 1,5 трлн. теңгені құрады, бұл бүкіл 2022 жылмен салыстырғанда
100 млрд. теңгеге артық.
Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитетімен Қытай, Өзбекстан және Түрікменстанмен шекарадағы 10 бақылау-өткізу бекеті, Астана қаласындағы Диспетчерлік бас басқарма толықтай жаңғырту және техникалық қамту жұмыстары жүргізілуде.
Жаңғырту барлық бизнес-процестерді толық автоматтандыруды, сондай-ақ кіру және шығу автомобильдік жолақтарының санын арттыруды көздеп, өткізу қабілетін 6 есеге арттыруға мүмкіндік береді.
Өткізу пункттерін қайта құру, көлік құралдары мен жеке адамдардың қозғалысын шектемей олардың нақты жабылуынсыз жүзеге асырылады.
Сондай-ақ барлық кедендік операцияларды цифрландыру үшін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Іс-шараларды аяқтау 2024 жылға жоспарланды, бұл шекарадан ыңғайлы өтуге, сондай-ақ жеделдетілген және ашық бақылауға жағдай жасайды.
ЕАЭО елдерімен шекарада өткізу қабілетін арттыру үшін Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту тұжырымдамасы аясында өткізу пункттерін қайта құру жоспарлануда.
Қайта құру аясында қазақ-қырғыз шекарасындағы мемлекеттік кірістер органдарының бақылау функцияларын автоматтандыру, оны автоматты шлагбаумдармен, номерді танитын бейнекамералармен, салмақ өлшеуіш құрылғылармен жабдықтау мәселесі қарастырылуда.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі