Мемлекеттік баж: есепке алу тәртібі мен төлеу тәсілдері


Новости / 01 дек 2023 20

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде мемлекеттік бажды бюджетке есепке алу тәртібі туралы түсіндірді.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік бажды бюджеттің деңгейлері бойынша есепке алу жөнінде Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгертулер енгізілді. Бюджет кодексінің 49-бабына енгізілген өзгертулерге сәйкес Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін мемлекеттік баж республикалық бюджетке есепке жазылады. Мемлекеттік баждың қалған түрлері жергілікті бюджеттерге есепке алынады. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына сәйкес мемлекеттік бажды төлеу үшін келесі бюджеттік сыныптама кодтары бекітілген: 108125 БСК «Республикалық бюджетке төленетін мемлекеттік баж»;
108126 БСК «Жергілікті бюджетке төленетін мемлекеттік баж». Осылайша, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін мемлекеттік баж БСК 108125 есепке жазылады, ал мемлекеттік баждың қалған түрлері БСК 108126 есепке жазылады. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 623-бабы 2 және 3 тармақтарымен мемлекеттiк баж уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттарды берген жерi бойынша есепке жатқызылатыны көзделген. Мемлекеттік баж сомаларын бюджетке төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен жүргізіледі. Банк заңнамасына сәйкес төлемдерді бюджетке төлеу кезінде төлем құжатында міндетті түрде бенефициар-ақша алушыны көрсету көзделген. Мемлекеттік бажды төлеу кезінде төлем құжатында «Бенефициар» (ақша алушы) жолында уәкілетті мемлекеттік органның (заңдық мәнi бар әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттарды берген кезде) орналасқан орны бойынша мемлекеттік кірістер органы көрсетіледі. Төлемдерді бюджетке есепке жазу үшін деректемелер Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында (www.kgd.gov.kz) Ақпараттық ресурстар/Анықтамалықтар/Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары бойынша БСН және төлемдерді бюджетке есепке алу қатысты реквизиттер анықтағышы (кодификаторы) орналастырылған, онда мемлекеттік кірістер органдарының атаулары, кодтары және БСН көрсетілген. Салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, оның ішінде мемлекеттік бажды төлеу процесін оңайлату мақсатында салық төлеушіге төлеуді Банктердің электронды құрылғылары арқылы (банкоматтар, терминалдар, интернет-банкинг), Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитенінің «Салық төлеуші кабинеті» Web-қосымшасы, e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы төлем жүргізу мүмкіндігі берілген, мобильді қосымшада салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеу «Салық әмияны»/ «Салықтарды реквизиттер бойынша төлеу» сервисі арқылы қолжетімді. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметі

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.