Мақтааралдағы индустриалды аймақта мақта жинау науқаны жүруде


Экономика / 12 окт 2023 38

Кәсіпорын биылдыққа мақта қабылдау көлемін 30 мың тоннаға жеткізуді жоспарлаған

Мақтаарал индустриалды аймағындағы “ZHANASSYL” мақта өңдеу зауыты мақта жинау науқанын бастады. Кәсіпорын биылдыққа мақта қабылдау көлемін 30 мың тоннаға жеткізуді жоспарлаған. Осы мақсатта, Мақтаарал, Жетісай аудандарында 12 мақта қабылдау бекеті жұмыс істеп тұр.

Әр мақта қабылдау пунктіне 200-ге жуық шаруа қожалығы тартылған. Жалпы есептегенде, 2400 шаруа қожалығы мақта теріміне қатысуда. Қазіргі уақытта кәсіпорын мақтаның бір келісін 250 теңгеден қабылдап жатыр. Шаруалардан мақта терімі аяқталған соң, кәсіпорын зауыт ішінде мақтаны өңдеу процесін жүргізеді. Таза мақтадан мақта талшықтары дайындалып, Қытай Халық Республикасы мен Еуропа елдеріне экспортталады.

Айта кетерлігі, “ZHANASSYL” мақта өңдеу зауыты 2022 жылы жұмысын бастаған. Бүгінде кәсіпорында 200 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Зауыт күніне 600 тонна таза мақтаны өңдеп шығарады. Одан күніне 180 тонна мақта талшығы өңделеді. Жылына шамамен 65 мың тонна мақта талшығы шығарылады.

Мақта талшығы - тоқыма өнеркәсібінің негізгі өсімдік шикізатының түрі болып табылады. Жалпы Мақтаарал индустриалды аймағында мақта өңдеумен қатар, асфальт және бетон қоспаларын өндіру, жоғары технологиялық мақта тазарту зауыты, бетон бұйымдарын өндіруге арналған өндірістік желі зауыттары жұмыс істеп тұр.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.