«Масс-медиа туралы» заң жобасының негізі мақсаты – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету


Новости / 30 ноя 2023 24

Бүгін Мәжілісте Мемлекет басшысының БАҚ заңнамасын қайта қарау туралы тапсырмасын орындау аясында әзірленген «Масс-медиа туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.

Заң жобасы мемлекет мүддесін, қоғам сұранысын және медиа саласының даму тенденцияларын ескере отырып әзірленді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлім етті. «Оны дайындау барысында Еуропа елдерінің халықаралық тәжірибесі, Біріккен Ұлттар ұйымы мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының стратегиялық құжаттары жан-жақты зерделенді. Заң жобасының негізгі мақсаты – сөз бостандығын, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әсіресе журналистердің мәртебесін арттыру және мемлекеттік тиімді ақпараттық саясатты қалыптастыру», - деді министр.

Дереккөз: ortcom

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.