Контрабандалық темекі автобус кондиционерінің ішінен табылды


Происшествия / 28 сен 2023 17

Автокөлік салонының жоғарғы багаж бөлігінде орналасқан кондиционердің ішінен 299 блок немесе 3 мыңға жуық қорап "MOND" маркалы темекі өнімдері табылды.

Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады. Заң бұзушылықты 2023 жылдың 25 қыркүйегінде Жетісу облысында «Қорғас-ШХЫО» кеден бекетінің қызметкерлері Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қытайдан келе жатқан қазақстандық азаматтың басқаруындағы "ISUZU TURQUIOSE" маркалы автобусқа кедендік бақылау жүргізу кезінде анықтаған. Тауар бойынша алдын ала есептелген төленуге тиісті кедендік төлемдері мен салықтар - 1,1 млн. теңгені құрады. Бекітілген нормаларға сәйкес бір жеке тұлғаға 200 темекіні немесе 1 блок темекіні тасымалдауға болады (ЕЭК-ның 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешімі). Қазіргі уақытта контрабандалық тауар уақытша сақтау қоймасына орналастырылды. Кінәлі тұлғаға қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту және іс материалдарын сотқа жіберу бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Соттың шешімі бойынша құқық бұзушылықтың тікелей объектілері болған тауарлар тәркiленуі мүмкін, сондай-ақ жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады. Жуырда осындай құқық бұзушылық үшін Панфилов аудандық сотының қаулысымен заң бұзған азаматқа экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жасырын өткізу үшін пайдаланылған тауарлар мен «Audi 100» автокөлігі тәркіленіп, әкімшілік айыппұл тағайындалған болатын.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметі

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.