Көмір дайындау жоспары 109%-ға орындалды


Новости / 19 мая 2026 24

2025–2026 жылғы жылыту маусымына дайындық аясында отын қорын қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілді. Өткен жылыту маусымында энергия көздерінің отын қоймаларында 5,6 млн тоннаға дейін көмір және 152 мың тонна мазут жинақталды. Барлық энергия көздеріндегі отын қоры нормативке сәйкес келді.

«Коммуналдық тұрмыстық сектор және халық үшін көмір дайындау жоспары 7,46 млн тонна көлемінде айқындалып, жылыту маусымы 8,15 млн тонна көмір дайындалды. Осылайша жоспарлы көрсеткіштер 109%-ға орындалды», - деді ҚР ЭМ Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Ержан Ертаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, жұмысты тиімді үйлестіру үшін жергілікті атқарушы органдар, «Қазақстан темір жолы» АҚ және көмір өндіруші кәсіпорындардан құрылған республикалық штаб ұйымдастырылды. Өңірлерде көмір тапшылығының жасанды туындауына жол бермеу үшін Комитеттің аумақтық департаменттері көмір тұйықтарына мониторинг жүргізді.

«Қабылданған шаралар жылыту маусымының тұрақты өтуіне және энергетикалық объектілердің сенімді жұмысын қамтамасыз етуге тікелей әсерін тигізді», - деді спикер.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.