Көлік министрлігінің өкілі республикалық автожолдардың алдағы су тасқыны кезеңіне дайындығы туралы айтып берді


Новости / 14 мар 2024 21

ҚР КМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Өтенбаев атап өткендей, шамамен 12 мың текше метр құм, 3 мың текше метр тас, 12 мың текше метр ПГС, 2 мың текше метр қиыршық тас және 50 мың қап дайындалды.

«Жеделдік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, автожолдар мен жол құрылыстарына күнделікті патрульдеу жүргізіледі.Су тасқынына қарсы іс-шараларды қаржыландыру автожолдарды ұстауға бөлінген қаражаттан қамтамасыз етіледі. Бұл ретте өңірлердің ауа райының климаттық жағдайлары және жұмыстарды орындау кезінде өткен жылдардағы су тасқынының нәтижелері ескеріледі», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. (Дереккөз:ortcom)

Бұл ретте Ғалымжан Өтенбаев қазақстандықтарды автожолдарды су басу жағдайлары туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жедел желісінің 1403 нөміріне хабарлауға шақырды.

«Сіздің жедел кері байланысыңыз қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және су тасқыны жағдайларына тиімді әрекет етуде маңызды рөл атқарады», – деді спикер. Іс-шараларды үйлестіру үшін орталық және өңірлік деңгейлерде комиссиялар құрылды.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.