Кентауда жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр


Общество / 22 сен 2023 18

Қала тұрғындарына қолайлы ортаны қалыптастыру мақсатында, 2023 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында 14,6 шақырымды құрайтын 21 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған

Қазіргі таңда қаладағы Ш.Құдайбергенов, И.Тайманов, Камалов, Көктерек, Әзірбаев, Геологическое, Құрманғазы-2, Тынышбаев, Мұратбаев-2, 66 квартал, М.Өтемісұлы, Қажымұқан, Ш.Айманов көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Ал қалған 6,6 шақырымды құрайтын 7 көшенің құрылыс жұмыстары жалғасуда. Бұл жұмыстар қазан айының 20 жұлдызына дейін толық аяқталатын болады.

Одан бөлек, облыстық бюджет есебінен Қ.Яссауи даңғылы мен Әл-Фараби көшесінің аралығындағы Төле би көшесінің 480 м жеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта жолдың негізі әзірленіп, жарық бағаналары орнатылып, бір қабат асфальт жабындысы төселіп, жол ірге тастары және екі жақтама аяқжол ірге тастары толық орнатылып, асфальт басылған. Бүгін көшеге екінші қабат асфальт жабындысы төсеу жұмыстары жүргізілуді. Көше қыркүйек айының соңына дейін пайдалануға берілмек.

Бұдан өзге Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың тапсырмасына сәйкес, Кентау қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасанды жол белгілері орнатылуда. Бүгінгі таңда қаланың ішкі көшелеріне және білім беру мекемелерінің тұстарына жалпы ұзындығы 168 м құрайтын 23 нысанға жасанды жол кедергілері қойылды.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін қаладағы 332м құрайтын 36 орынға жасанды жол белгілері орнатылған болатын.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.