Әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты заң 16 маусым күні күшіне енеді


Новости / 14 июн 2024 16

Құжат Президенттің тапсырмасымен әзірленген. Заң зорлық-зомбылықтың алдын алуға қатысты жүйені енгізеді және жазаны қатаңдату арқылы зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәдениетін қалыптастырады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева мәлімдеді. Жалпы заңда екі бағыт бойынша түзетулер көзделген.

«Біріншіден, отбасыларға көмек ұйымдастыру, қиын жағдайдан шығару функциясын әлеуметтік басқармаға енгіздік, себебі бұрын әкімдікте бұл функцияға жауапты басқарма болмаған. Қиын жағдайда тұратын отбасыларды, зорлық-зомбылықты анықтап, көмек ұйымдастыру үшін жедел әрекет ету топтары құрылады. Ең маңыздысы әр ауданда отбасын қолдау орталықтары ашылады. Бұл орталықтар психологиялық, құқықтық, әлеуметтік көмек ұйымдастырады. Жалпы осы нормалар үш жыл бойы пилоттық режимде қолданылады», - деді спикер. (Дереккөз:ortcom)

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.