ІІМ өкілдері Қазақстанда нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру туралы айтты


Новости / 20 фев 2024 42

ҚР ІІМ Есiрткi қылмысына қарсы іс-қимыл департаментi бастығының м.а. полиция полковнигі Бақытжан Әмірхановтың айтуынша, ІІМ, денсаулық сақтау, мәдениет және ақпарат, оқу-ағарту, әділет министрліктері мен жергілікті атқарушы органдар жоспардың орындалуына жауапты болып табылады.

«Бұл жоспар – барлық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіретін алғашқы бағдарламалық құжат», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Барлық өңірлерде есірткіге қарсы күрес айлық шеңберінде профилактикалық іс-шаралар өткізіледі. Өткен жылы тек бір айда 1800 түрлі іс-шара ұйымдастырылды. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп 700-ден астам іс-шара өткізілді, оның ішінде нарколог-дәрігерлердің қатысуымен - 402, еріктілердің қатысуымен - 265. Жұмысқа 200-ге жуық ерікті қатысты. Барлығы 6 мыңнан астам граффити боялған. Көшелерде 200-ге жуық баннер орнатылды. Биыл қаңтарда 500-ден астам алдын алу шарасы өткізілді.

«Жоспардың 60-70% профилактикалық іс-шараларға арналған», - деді полиция полковнигі.(Дереккөз:ortcom)

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.