«Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе» – НЕНІ БІЛУ МАҢЫЗДЫ?


Новости / 08 ноя 2023 19

2022 жылғы 5 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінің порталы арқылы «Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу», «Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімін автоматтандырды.

Тізілімге енгізу, қызметін тоқтата тұру, қайта бастау, тізілімнен шығару, тізілімге енгізу кезінде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы хабардар ету, сондай-ақ осындай өзгерістерді растайтын құжаттарды ұсыну eokno.gov.kz порталында жүзеге асырылады. Ақпараттық жүйеде жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық порталдың басты бетінде орналастырылған http://eokno.gov.kz («Онлайн оқыту» бөлімі). Техникалық сұрақтар туындаған жағдайда пайдаланушыларды қолдау қызметіне e-okno@kgd.minfin.gov.kz, сондай-ақ t.me/eoknokz Telegram-чатқа жүгіну қажет. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне ақпаратты қағаз түрінде және Е-өтініш платформасы арқылы жолдау талап етілмейді.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметі

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.