«EcoQolday» жүйесі бойынша атқарылатын міндеттер бөлінген


Новости / 05 фев 2024 55

«Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасы Ержан Сәрсенбайдың айтуынша, «EcoQolday» жүйесі бойынша атқарылатын міндеттер қалыптастырушы (яғни қалдық шығарған тұрғын), жинаушы, тасымалдаушы және қайта өңдеуші болып бірнеше салаға бөлінеді. Қалдық жиналған кезде жеке немесе заңды тұлға мобильді қосымша арқылы жүйеге тіркеліп, жиналған қалдықты сататыны туралы өтініш қалдырады.

«Одан әрі, жинаушылар өз бағаларын ұсынады және қалдық қалыптастырушыдан сатып алады. Жинаушылар ай бойы жинаған қалдық туралы деректі жүйеге енгізеді және отандық қайта өңдеушілерге оны сататыны туралы хабарландыру жариялайды. Ал, қайта өңдеушілер осы жиналған қалдықты сатып алу үшін бағасын ұсынады. Жинаушылар көңілінен шыққан сатып алушымен келісімшарт жасап, қалдықтарды тасымалдау жөнінде хабарландыру шығарады. Қалыптастырушы тасымалдаушыны дербес таңдайды және қайта өңдеушіге дейін қалдықты жеткізу туралы шарт жасасады. Қайта өңдеуші сенімді салмақ өлшейтін құрал арқылы тасымалдаушыдан қалдықты қабылдап, қалдықты қабылдағаны жөнінде актіге қол қояды. Осындай процестерді аяқтағаннан кейін қалыптастырушылар мен қайта өңдеушілер белгіленген мерзімде операторға есеп жіберуге құқылы. Соның негізінде төлем жасалады», - деді спикер ОКҚ алаңында.

Жинаушылар аяқталған айдың есебін келесі айдың 15-не дейін, ал, қайта өңдеушілер толған тоқсанның есебін келесі айдың 25-не дейін есеп беруі керек. Бұл процес ақпараттық жүйеге тіркелген барлық пайдаланушылар үшін қол жетімді.(Дереккөз:ortcom)

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.