Астана «Ататүрікке» көше сыйлап жатқанда шулықтар жайбарақатты - немқұрайлылық танытуда!?


Общество / 17 сен 2023 28

Киелі Шу өңірінде осыдан 555 жылдай бұрын Қазақ мемелекетінің ірге- тасын қалаған алғашқы хандарымыз Керей мен Жәнібекке ескерткіш орнату жайлы көптен бері бастама ретінде көтеріп келгем-ді.

... Шу ауданы әкімдігіне тағайындалған Рүстем Дәулетке хат жазып, қайта-қайта мазалағанымнан ғана емес, оның ұлтжанды парасаттылығының арқасында 2016 жылы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында орталық алаңға алғашқы хандарымыз Керей мен Жәнібекке, Алтын адам және Халық қаһарманы – Қайрат Рысқұлбековке арнайы Горельеф кешенін жасатуға қол жеткіздім.

Бүгінде тәуелсіздік мерекелері қарсаңында гүл шоқтары қоюылумен осы игі шара монументтің өзінде өткізіліп келеді. Дейтұрғанмен өткен жылдары Тәуелсіздік монументі орналасқан алаңға «Мәңгілік ел» атауын бергізуге бастама көтеріп едік, түрлі себептермен аяқсыз қалды... Бұны қозғап отырған себебім, Керей- Жәнібек хандарға арналған горельеф кешенімен жалғаса ауған және Ұлы Отан соғысы мен Кеңес Одағы батырларына , социалистік еңбек ерлерімен қабаттаса Ататүріктің ескерткіші қатар жалғасқан келесі көшеде Балуан Шолақтың зәулім ескерткіші мен мұндалап тұр...
Бұрынғы зұлматтарды былай қойғанда 1920-30 жылдардағы ашаршылықты – нәубетте қаншама ата-бабаларымыз аштан қырылып жатқанда сол аға буын өкілдеріне Анадолы жұрты бас-көз болып баспана беріп қамқорлық танытқаны бәрімізге белгілі. «Ұйқыдағы ұлттар түбі құрып тынады , не құл боп оянады» деп, осыдан жүз жыл бұрын өсиет қалдырған Ұлы Мұстафа Кемел Ататүрік күллі түрік баласына , оның ішінде қазаққа , да айтып кеткенін еске салсақ, деймін. Ал, Түркия Президенті Реджеп Тайиып Ердоған болса шовинистік пиғылдағы ауыздарына келгендерін оттап жұрген орыс қайраткерсымақтарына айбарлана қазақ мемлекетін жан-тәнімен қорғай алатындығын да ашық айта бастады. Сондықтан біз де түрік бауырларға құшағымызды айқара ашып, конақжайлылық танытумен бірге оларға арқа сұйеуіміміз аса қажет. Осы себептен менің өзім өткен жылдардан бері ауданымыздағы Түрік халқы Мәдени қауымдастығы өкілдерінің 2014 жылы ұйымдаса қыруар қаржыға жасатып орталық саябақ маңына қойылған даңқты көсемі Мұстафа Кемел Ататүріктің ескертішін темір қоршаудан босатып, ҚР мәдениет министрлігіндей құзырлы орындар рұқсатымен ашылу салтанатын жасау қажеттігін айтып келемін. Сол кездегі әкім -қаралардың немқұрайлы- салғырттығынан қажетті орыннан рұқсат алуды жөн санамай ескерткіш қоршауда қалған-ды... Алдында ашылатын болды, деп жүрген ескерткіштің жағдайын білмек болып жақында 14 қыркүйекте

2.jpg

Шу ауданы әкімінің орынбасары Найман Сұлтанбаевқа рәсім салтанатында таэквондашы-спортшылар жаттықтырушысы Марат Тілеуқұловтың басқаруымен өз өнерлерін көрсетеді, деген оймен ертіп барғанмын. Бізбен кездескен соң, Найман Кенжеханүлы Төле би ауылдық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Ержан Өмірәлиевті шақырып бізді таныстырғаннан: - ол Ататүрік ескерткіші жайлы бір кісілер келіп жүр,біз Төле би ауылында емес,ескерткішті биік болса, тұғырын кесіп, шеткерілеу Қонаев аулына апарып орнатайық дегенде, түрік қауымдастығының төрағасы Бинали Қошали оған келіспейтінің анық білдірді. Менің таң қалғаным, ардагерлер алқасының төрағасы Е. Өмірәлиевтің ауыл тұрғындары және ақсақалдармен қаншама жылдар бойы түсінік жұмыстарын жүргізудің орнына өзім білерлікпен ұшқары пікір қабылдауында. Кешікпей Найман Сұлтанбаевқа аудан әкімі Бақытжан Жәнібековка жолықтырып, аудандық «Шу өңірінен» менің мақалаларыммен қоса Ататүрік ескерткішін Төле бидегі саябаққа орнату жайлы тұрғындар арасында тездете сауалнама жүргізу қажеттігін айтып әлеуметтік желіден жазбаша пікір бердім.
Ауданымыздағы Түрік халқы Мәдени қауымдастығы өкілдерінің 2014 жылы ұйымдаса қыруар қаржыға жасатқан даңқты көсемі Мұстафа Кемел Ататүріктің ескерткішін темір қоршауынан босатып, ҚР мәдениет министрлігіндей құзырлы орындар рұқсатымен салтанатты жағдайда ашылуын жасасақ, қазақ Хандығының қазығы қағылып, туы қөтерілген киелі Шу өңірі жұртшылығының есінде қаларлықтай үлкен шараға айналатыны рас. Және тәуелсіздік монументі орналасқан орталық алаң мен тарихи мүсіндердің бел ортасында бой көтеретін Ататүрік ескерткішіне дейінгі көрікті кешендерді «Мәңгілік ел» алаңы атауымен атасақ деймін. Көпшілік әрине менің ұлағатты бастамамды қолдайды деген ойдамын. Бұл игі шара- бауырлас Түрік Республикасының құрылғанына 100 жыл (29 қазан 1923 ж) жүзеге асса құба-құп болар еді. Сонда көршілес өзбек, қырғыз, тәжік, түркмен т.б. мемлекеттерге үлгілі бастама ретінде Реджеп Эрдоған бауырымыздың армандағанындай күллі мұсылман әлемі аңсаған Тұран Одағының құрылатын мерзімін де жақындата түсетініміз анық !

Уақ Мәкен Жұмаділұлы.

Әлем халықтары Жазушылары және ҚР Журналистер одағының мүшесі. Қ.Рысқұлбеков пен Желтоқсан көтерілісін зеттеуші. Шу ауданының Құрметті азаматы.

18.09.2023 жыл.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.