ДСМ: Қызылшаға қарсы екпе 60 жыл бойы қолданылып келеді, вакцина – қауіпсіз.


Новости / 10 ноя 2023 22

Қазақстанда вакцинация үшін «Serum Institute of India» шығарған қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы аралас вакцина қолданылады.

Дереккөз:ortcom.kz

Бұл вакцинаның өндірісі ДДҰ-ның қайта бағалауынан өткен, өндірілетін вакциналардың сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстандағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай және қабылданып жатқан шараларға арналған сараптамалық дөңгелек үстел барысында ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зауре Ахметова мәлім етті. Оның дерегінше, 10 қарашадағы жағдай бойынша қосымша иммундаумен 14463 бала қамтылды. «Айта кету керек, республикада қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцинаның 370 мыңнан астам дозасы бар. Қызылшаға қарсы вакцина 60 жыл бойы қолданылып келеді, вакцина қауіпсіз және аурудың өршуінің алдын алу үшін тиімді», – деді спикер.
Сондай-ақ оның айтуынша, қызылша бойынша қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 500 мың доза көлемінде қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцинаның қосымша көлемі сатып алынды, ол қараша айының екінші жартысында жеткізілетін болады. Бұл вакцина тиісті контингенттерді қосымша жаппай иммундауды жалғастыруға мүмкіндік береді. Бұған қоса, биылғы жылдың желтоқсан айынан бастап 2 жастан бастап 4 жасқа толған балаларды қосымша жаппай иммундау және 6 айға толған балаларды қосымша иммундауды одан әрі жалғастыру жоспарлануда. Осы мақсатта вакцинаның 1 млн дозасының жеткізілуі күтілуде. Еске салсақ, 2023 жылдың 14 наурызында Денсаулық сақтау вице-министрінің хабарлауы бойынша жұқпалы вирусқа шалдыққан күдікпен 56 жағдай тіркелді. Оның 20-сы зертханалық түрде расталды.

Дереккөз: ortcom.kz

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/591082-aza-standa-yzylsha-bojynsha-epidemiologiyaly-zha-daj-k-rdelene-t-sti

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.