Банк секторы тұрақты дамуда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі


Новости / 01 дек 2023 18

Ведомство төрағасының орынбасары Олжас Қизатов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында банк секторын дамыту нәтижелері және банк секторының орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

«Қазіргі уақытта банк секторы тұрақты дамуда. Банк секторын капиталдандыру көрсеткіштері жоғары, бұл ағымдағы күйзелістерді еңсеруге мүмкіндік береді», - деді спикер.

2023 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша банктердің активтері 8,6%-ға ұлғайып, 48,4 трлн теңгені құрады. Банк жүйесіндегі клиенттердің салымдары 4,8%-ға өсіп, 33,1 трлн теңгені құрады. Спикер халық пен бизнестің депозиттерінің тұрақты өсуін атап өтті. «Олар 5 жыл ішінде 2 есе өсті. Жыл басынан бастап ұлғаю 4,8%-ды құрайды, бұл банк жүйесіне деген сенімнің жоғары деңгейін растап отыр», - деді О.Қизатов.

Дереккөз: ortcom

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.