«Әділет» партиясының кандидаттары кеншілердің мұң-мұқтажын тыңдау үшін Костенко атындағы шахтаға түсті
Партия төрағасы Айбек Дәдебай бастаған «Әділет» партиясының өкілдері еліміздің ең үлкен индустриалды орталығы – Қарағанды облысына барды. Кеншілердің күнделікті тыныс-тіршілігімен танысу үшін депутаттыққа кандидаттар Костенко атындағы шахтаға, 700 метр тереңдіктегі кен орнына түсті. Кеншілер күнде тер төгетін тереңдікте кандидаттар мен шахтерлер еңбек қауіпсіздігі, құрылғыларды жаңарту, кадр даярлау, әлеуметтік кепілдіктер және көмір саласының болашағы туралы әңгіме өрбітті, деп хабарлайды
Кандидаттар үшін бұл алғашқы тәжірибе еді. Олардың айтуынша, сапардың басты мақсаты – «Әділетті болашақ үшін» атты сайлауалды бағдарламаны таныстырып қана қоймай, бұндағы жұмысшылар күнде қалай еңбек ететінін көру және олардың ұсыныстарын өз ауыздарынан есту болған.

«Бұл жердегі еңбектің қаншалықты ауыр екенін көп естіген едік. Бірақ, бәрін өз көзімізбен көріп, сезініп, ең бастысы осы адамдардың сұрақтары мен ұсыныстарын өз ауыздарынан есту үшін келдік», – «Әділет» сайлауалды штабының өкілдері.
«Qarmet» компаниясының көмір департаментіндегі басшылық, кәсіподақ пен шахтерлердің өзі бұл сапарға жоғары баға берді. Кеншілер елде болып жатқан жайттарды сырттан бақылап қана отырмай, халықтың ортасына келіп, олардың шын жұмысын көріп, сөздеріне құлақ асып жатқан кандидаттарға алғыс айтты.

«Біз үшін «Әділет» партиясының басшылығы шахтаға түсіп, жұмысымызды көргені және бізбен ашық сөйлескені маңызды. Еңбек адамы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болу керек, және біз партияның сайлауалды бағдарламасында да көрініс тапқанын көріп отырмыз», – деді «Қорғау» көміршілер кәсіподағының төрағасы Евгений Буслаев.
Штаб өкілдері шахтерлердің сұрағына жауап бере отырып, «Әділетті болашақ үшін» атты бағдарлама жабық кабинеттерде, жабық есіктердің артында жазылмағанын атап өтті. Бұл құжатты әзірлеу үшін партия сарапшыларды тартып, бүкіл ел бойынша халықпен кеңескен. Яғни, бағдарлама жазыларда жұмысшылармен, инженерлермен, дәрігерлермен, мұғалімдермен және кәсіпкерлермен ондаған кездесу өткен.

«Qarmet» компаниясының бас директоры Вадим Басин де бұл сөздерді растады. Ол депутаттыққа кандидаттардың кеншілерге құлақ түріп, оларға сайлауалды бағдарламаға өз ұсыныстарын енгізуге нақты мүмкіндік бергенін баса атап өтті.
«Бұл өте салмақты әңгіме болды. Әртүрлі кәсіпорын өкілдері айтқан кейбір түйткілді мәселелер бағдарламада көрініс тапқан. Біз үшін металлургия өнеркәсібінің қалай дамитынын және отандық кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік саясаттың қандай болатынын түсіну өте маңызды»», - деді ол.

«Әділет» партиясының өкілдері өңірлерге мұндай сапарлар ары қарай да жалғасатынын, ал айтылған әрбір ұсыныс мұқият зерттелетінін ерекше айтты.
Саясаттанушы Әділ Каукенов партияның өнеркәсіптік өңірлермен жұмыс істеу тәсіліне қатысты пікір білдіре отырып, өз ойын айтқан еді.
«Әділет» партиясы құрылған сәттен бастап «қосылған құн XXІ ғасырдың мұнайы» деген әңгіме көп айтылды. Әділ айтылған тұжырым, әрі осы саладағы елдің нәтижесі қазіргі ұрпақтың әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Қазақстан үшін шикізатты ішкі өңдеу көлемін арттыру және толыққанды өндірістік тізбектер құру аса маңызды», – дейді сарапшы.
Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.