Цифрлық сегментте есірткі қылмысына қарсы күрес тәулік бойы жүргізіледі – ҚР ІІМ


Новости / 02 июл 2026 8

Қазіргі таңда есірткі бизнесі толығымен дерлік цифрлық кеңістікке көшті. Интернеттің «көлеңкелі» сегменті, анонимді мессенджерлер, криптовалюталар және электронды төлем жүйелері қылмыскерлер тарапынан есірткі тарату және жастарды заңсыз әрекеттерге тарту үшін пайдаланылады.

ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары полиция полковнигі Қуандық Әлжанов құқық қорғау және арнайы органдар өз күш-жігерін дәл осы цифрлық кеңістікке бағыттап отырғанын атап өтті.

«Бүгінде есірткі сайттарын анықтауға және бұғаттауға көмектесетін «ақ хакерлер», мысалы, еріктілер қозғалыстары, жастар ұйымдары көп. Цифрлық сегментте есірткі қылмысына қарсы жаппай күрес 24/7 жүргізіледі», – деді полиция полковнигі ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.