Былтыр 53 инфрақұрылымдық жоба аяқталды – ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі


Новости / 02 мар 2026 29

2025 жылы 147 инфрақұрылымдық жоба іске асырылып, оның ішінде 53 жоба аяқталды. Атап айтқанда, 677 км ирригациялық жүйелерді жаңғырту, 4 су қоймасын реконструкциялау, 15 топтық су құбырын салу және жөндеу, сондай-ақ 3 құрылысжайды реконструкциялау жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов хабарлады.

Қазіргі уақытта Түркістан облысында жалпы сыйымдылығы 69,1 млн м3 құрайтын 2 су қоймасының құрылысы жүргізіліп жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстарын биыл аяқтау көзделген. Сонымен қатар Абай облысында екі, Жетісу, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында бір-бірден бес су қоймасының құрылысына арналған жобалар әзірленіп жатыр.

«Бұдан бөлек, Жамбыл облысында екі, Ақмола, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында бір-бірден бес су қоймасы бойынша жобалар дайындалды. Биыл 8 су қоймасы бойынша жобаларды әзірлеу жоспарланып отыр», - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.