Жамбыл облысынан сайланған депутаттың бірі Нұрымова Гүлдара Жамбыл облысында 1999-2020 жылдарда "Мейірім " медициналық орталықтың басшысы болып келген
Қазіргі уақытта "Мейірім " медициналық орталықтың құрылтайшысы екенін айтты. Мемлекеттен бизнесін көтеру үшін кредиттер алған. Депутат болған уақыттан бастап бизнесін сенімгерлік басқаруға берген.
МӘМС бойынша "Мейірім " медициналық орталыққа қаражат бөліне ма? деген сұрақтар туындаған болатын.
"Оны сол мекеменің басшысынан сұрасаңыз болады"- деді депутат Нұрымова Г.
Айта кетсек, Жамбыл облысынан сайланған депутаттардың барлығында жеке бизнестері болған. Депутат бола сала, сенімгерлік басқаруға тапсырған.
Кейде журналистерде сұрақтар туындап қалады, осылар өздерінің бизнестерін қорғау үшін келді ма? расыменде халыққа қызмет жасай ма деп?
Нұрымова Гүлдара бірінші күн депутат болып отырған жоқ.
2021 жылы "Nur-Otan" партиясының партиялық тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты болған.
2021 жылдан 2023 жылға дейін Жамбыл облысы бойынша ауылдарды аралағанын халық байқамаған. Аты-жөнін де білмеген.
Журналистік зерттеу агенттігі "Xaqmedia.kz" - 87774717140