Биыл 60 мыңға жуық бизнес жоба мемлекеттік қолдау алады


Новости / 30 янв 2024 22

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында шағын және орта бизнесті одан әрі қолдау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, бүгінгі таңда мемлекет бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту және әкімшілік жүктемені азайту жөніндегі жүйелі шараларды, сондай-ақ кәсіпкерлік секторды мемлекеттік ынталандырудың тікелей шараларын іске асыруда.

Бизнесті мемлекеттік қолдаудың сұранысқа ие шараларының бірі «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларының құралдары болып отыр. Атап айтқанда, өткен жылдың қорытындысы бойынша кредит сомасы шамамен 1 трлн теңгені құрайтын 12 мыңнан астам бизнес жобасы кредиттерді субсидиялау арқылы жеңілдетілген қаржыландыру шараларымен қамтылды. 340 млрд теңге сомасына 8 мың жоба бойынша кепілдік берілді.

Қаржылық емес қолдау аясында 10 мыңға жуық кәсіпкер оқытылды, кәсіпкерліктің түрлі мәселелері бойынша 166 мыңнан астам кеңес берілді. Биыл бюджетте шағын және орта бизнестің 40 мың жалғасып жатқан және 20 мың жаңа жобасын қолдауға қаражат көзделген.

«Осы мақсатқа жету үшін қазірдің өзінде кәсіпкерлік қызметте жаңа реттеуші саясат енгізілуде. Жүргізіліп жатқан «таза парақтан» реформасы бизнесті белсендіру жолында ынталандырушы шаралардың тиімділігін арттырады. Бүгінгі таңда 9 мың артық талап алып тасталды. Қалған 1 мыңға жуығы бизнесті жүргізу жөніндегі заң жобасы шеңберінде алып тасталады», — деді Әлихан Смайылов.(Дереккөз:ortcom)

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.