Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысына көмекке барған ТЖМ күштерінің бір бөлігі тұрақты орналасу орындарына қайтарылуда


Новости / 28 апр 2024 18

Республика бойынша 38 254 адам өз үйлеріне оралды. 6 727 адам эвакуациялау пункттерінде орналасқан.

«Бұған дейін Астана қаласынан, Түркістан және Қостанай облыстарынан Солтүстік Қазақстан облысына көмекке барған төтенше жағдайлар министрлігі күштері мен құралдарының бір бөлігі тұрақты орналасу орындарына қайтарылуда», - деді ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 20 309 адам, 2 783 техника, 584 су сору және жүзу құралы, 8 әуе кемесі жұмылдырылды.

«Атырау облысында Жайық өзені су деңгейіне мониторинг жалғастырылуда. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен тәулікте Индер, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарында 500 мың қапшық, 1 510 тонна инертті материал төселді. Құлсапры қаласында су басқан аумақтан 196 055 текше метр су сорылды», - деді спикер.(Дереккөз:ortcom)

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.