Қазақстан трансшекаралық өзендердің суын пайдалану мәселелерін Халықаралық конвенция аясында шешуге ниетті


Новости / 29 янв 2024 25

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Халықаралық су ағындарының кеме жүрмейтін түрлерін пайдалану құқығы туралы конвенция аясында трансшекаралық өзендердің суын бірлесіп пайдалану мәселесін шешуге ниетті. Қазақстан 2024 жылы аталған конвенцияға қосылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Конвенция трансшекаралық өзендердегі судың әділ бөлінуін қамтамасыз ететін және оны пайдалануды реттейтін халықаралық құжат болып табылады.

Халықаралық келісім су бөлуге қатысты ықтимал дауларды шешу үшін және барлық тараптың мүддесіне сай су ресурстарын дамытуға мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық тетіктерін жасайды.

Конвенцияға сәйкес су ағыны мемлекеті өз аумағында халықаралық су ағынын пайдалану кезінде басқа мемлекеттерге зиян келтірумеу үшін тиісті іс-шараларды қабылдайды. Сондай-ақ су ағыны, судың сапасы және тиісті болжамдар туралы қолжетімді деректермен тұрақты негізде бөліседі. Бұдан бөлек, су ағыны мемлекеттері бір-біріне кеңес береді, жоспарланған іс-шаралардың халықаралық су ағынына әсері туралы келіссөз жүргізеді.(Дереккөз:ortcom)

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.