Қазақстан мен Беларусь экономикалық қылмыстарға, кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күресте өзара іс-қимылды жетілдіруде


Новости / 06 дек 2023 18

Қазақстан мен Беларусь экономикалық қылмыстарға, кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күресте өзара іс-қимылды жетілдіруде

чОтырыс жұмысына ЕАТ мүше мемлекеттері, шақырылған байқаушылар, сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымдар қатысуда. 2023 жылғы 6 желтоқсанда пленарлық апта аясында Қаржылық мониторинг агенттігі мен Беларусь Республикасының Тергеу Комитеті арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат экономикалық қылмыстарға қарсы күресте өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруды, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру мәселелерін қарастырады. Бұл Меморандум екі мемлекеттің алдын ала тергеу органдарының қызметін ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасуға, жасалған қылмыстар туралы жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тексерулер жүргізу кезінде жәрдемдесуге ықпал ететін болады. Сондай-ақ, қол қойылған Меморандум аясында Тараптар қызметкерлердің әлеуетін дамытып, бірлескен ғылыми зерттеулер, семинарлар мен конференциялар өткізетін болады.

Анықтама: қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық Топ (ЕАТ) - ФАТФ типі бойынша өңірлік топ (FATF). ЕАТ құрамына тоғыз мемлекет кіреді: Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан. ЕАТ ФАТФ-тың ресми мүшесі болып табылады.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.