Қазақстан Үкіметі агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша жаңа тәсілдер енгізуде


Новости / 25 янв 2024 31

Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңес қорытындысы бойынша тиісті құжат бекітілді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5 жыл ішінде ауыл шаруашылығы саласын дамытудың жаңа деңгейіне шығару және жалпы өнім көлемін 2 есеге арттыру жөнінде нақты міндеттер қойды. Осы мақсатта агроөнеркәсіп кешенінің әрбір бағыты бойынша шаралар қарастырылған Жол картасы әзірленді.

Республикада егіс алқаптарын әртараптандыру жандандырылады, бұл ылғалды көп қажет ететін дақылдардың үлесін азайтады және жоғары рентабельді өсімдіктер, мысалы, майлы дақылдар өндірісінің көлемін арттырады. Сонымен қатар су үнемдеу технологияларын енгізу, тыңайтқыштарды қолдану деңгейін арттыру және ауыл шаруашылығы техникасын қарқынды жаңарту жоспарланған. Премьер-Министр алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін Ауыл шаруашылығы және Су ресурстары министрліктері өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, жұмыс істеу тәсілдерін қайта қарау қажет екенін баса айтты.

«Әрбір өңір үшін өсудің қолда бар резервтері мен даму әлеуетін ескере отырып, көрсеткіштер айқындалды. Моно және ылғалды көп қажет ететін дақылдарды азайту арқылы сұранысқа ие дақылдардың алқаптарын кеңейтіп, минералды тыңайтқыштар қолдану деңгейін арттыру қажет», — деді Әлихан Смайылов.(Дереккөз:ortcom)

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы дақылдарының элиталық тұқымдары үлесін, машина-трактор паркін жаңарту деңгейін және су үнемдеу технологиялары енгізілген алаңдарды арттыру қажет..

«Әкімдіктер мен министрліктер тарапынан аталған көрсеткіштерге қол жеткізуге тұрақты бақылау орнату қажет. Бүгінде біз жұмысымызда жаңа тәсілдер қабылдап жатырмыз. Облыс әкімдіктері Жол картасында көзделген өз көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етуі керек. Бұл үшін жеке жауапкершілік артылады», — деді Премьер-Министр.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.