Қазақстан 13,9 млн тонна астық пен астық баламасындағы ұн экспорттады


Новости / 03 авг 2026 16

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліметінше, 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы 30 шілдеге дейін Қазақстан 13,9 млн тонна астық пен астық баламасындағы ұн экспорттады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,6%-ға көп. Өткен жылы осы кезеңде шетелге 12,4 млн тонна өнім жөнелтілген болатын, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Экспорт көлемінің өсуіне Орталық Азия елдері мен Ауғанстанға жөнелтілген өнім көлемінің артуы ықпал етті.

Өзбекстанға экспорт 36%-ға өсіп, 5,8 млн тоннаны, Қырғызстанға – 35%-ға өсіп, 528 мың тоннаны, Ауғанстанға – 57%-ға өсіп, 2,4 млн тоннаны, Түрікменстанға – 32%-ға өсіп, 220 мың тоннаны құрады.

Жүк тасымалы көлемінің артуы қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныстың жоғары екенін көрсетеді. Сонымен қатар бұл экспорттық логистиканы дамыту және шетелдік серіктестермен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелі екенін айғақтайды.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.