Ауыл мектептері оқушылары арасында өткен Олимпиада жүлдегерлері «Дарын» орталығының онлайн мектебіне қабылданды


Новости / 08 фев 2024 23

Биыл елімізде тұңғыш рет Ауыл мектептері оқушылары үшін республикалық олимпиада өткізілді. Оған ауыл мектептерінен 9-11 сыныптарда оқитын 80 мыңға жуық оқушы қатысты. Бұл туралы ҚР ОАМ Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Оның айтуынша, аудандық, облыстық кезеңдерден сәтті өткен 740 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды, оның ішінде 334 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

«Олар «Дарын» орталығының онлайн мектебіне қабылданды. Ауыл олимпиадасы жүлдегерлері арасынан 69 оқушыға еліміздегі беделді университеттердің ректорлық білім гранттары табысталды», - деді спикер.(Дереккөз:ortcom)

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.