Астанада «Aqmola Invest» инвестиция тарту орталығы ашылды


Новости / 10 июл 2024 6

Орталықта инвесторларға жоба идеясынан бастап, оны іске асыруға дейін қолдау көрсетіледі. Бүгінгі таңда пилоттық режимде Орталық алаңында 23 кездесу ұйымдастырылды, оның ішінде 13-і шетелдік инвесторлардың қатысуымен өтті, деп хабарлайды Ақмола облысының әкімдігі.

Орталықтың ашылу рәсіміне ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаева, «Kazakh Invest» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Ержан Елекеев, «KAZENERGY» бас директоры Әлібек Қуантыров, ҚР-дағы Мажарстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Отто Иван Рона, сондай-ақ Мажарстан мен Қытайдан келген компаниялардың өкілдері қатысты.

«Aqmola INVEST» құру Ақмола облысының экономикалық әлеуетін нығайту жолындағы маңызды қадам болады. Инвесторлармен өзара іс-қимыл және Мемлекеттік қызметтерді алу «бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Бұл өңірдің қолайлы инвестициялық имиджін одан әрі қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті облыс әкімі Марат Ахметжанов.(Дереккөз:ortcom)

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.