Қаржы нарығын реттеу агенттігі мемлекет банктерге неге көмек көрсетілетінін түсіндіріп өтті


Новости / 01 дек 2023 19

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатовтың айтуынша, әлем бойынша елдер жүйе құраушы банктерге көмек көрсетеді. Өйткені олар банкротқа ұшыраған жағдайда мемлекет қолдау көрсетуге жұмсаған қаржыдан әлдеқайда көп шығындалады.

«Биыл Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тарапынан қаржы секторының халықаралық стандарттарға сәйкестігіне бағалау жүргіздік және халықаралық сарапшылардың ұсыныстарының бірі - мемлекеттік қолдау тек ірі жүйе құраушы банктерге ғана қатысты жүзеге асырылуы тиіс. Екінші ұсыныс: мемлекет банкке көмектеспес бұрын, банк акционерлері мен байланысты тұлғалардың қаражатын толық пайдалану қажет. Яғни, біз алдымен акционерлер мен байланысты тұлғалардың есебінен шығынды жабуға тырысамыз, егер осыдан кейін ірі жүйе құраушы банктер үшін қосымша қаражат құю қажет болса, онда мемлекет қатысуы мүмкін», - деп түсіндірді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар, ведомство өкілі мемлекет банктерді қолдауға қатысуын барынша азайту үшін тиісті жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Бұл келесі жылдың басты заңнамалық бастамаларының бірі. Біз мемлекеттің қандай жағдайларда ірі банктерге қолдау көрсететінін, сондай-ақ Ұлттық банктің, Үкіметтің және Агенттіктің рөлін айқындаймыз», - деді О.Қизатов.

Дереккөз: ortcom

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.