Алматыда журналистерге шабуыл жасаған 5 адамға сот үкімі шықты


Новости / 22 ноя 2023 23

Алматыда журналистерге шабуыл ұйымдастырған бірнеше тұрғынға қатысты сот үкімі шықты.

Алматы қаласының ювеналды сотында журналистерге шабуыл ұйымдастырды деген айып бойынша Токаревке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Оған журналистердің заңды кәсіби қызметіне кедергі келтірді, жеке өмірге және дербес деректерге қол сұғылмаушылықты бұзды, кәмелетке толмағандарды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тартты, қорқытты, бұзақылық жасады, ақпараттық жүйенің жұмысын бұзды және бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтірді деген бірқатар айып тағылды.

Сондай-ақ бұзақылық жасау және бөтеннің мүлкін қасақана жою деректері бойынша кәмелетке толмаған К., Т., С. және А.-ға қатысты іс қаралды. «Судья Токаревті шартты түрде 4,5 жылға, ал кәмелетке толмаған қалған төрт қатысушыны 1 жылға және 4 айға шартты түрде жазалауға үкім шығарды», - деп хабарлады соттан.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Дереккөз: kaz.inform

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.