Алматы полицейлері 1 қыркүйек күні мектеп маңында, жолдар мен салтанатты линейка кезінде кезекшілік атқарады


Общество / 28 авг 2023 25

Оқу жылының алғашқы апталарында да полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет етеді

«Тәртіп білім беру мекемелері маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінде кезекшілік атқарып, қозғалысқа қатысушылармен, жаяу жүргіншілермен — ата-аналармен және балалармен, сондай-ақ жүргізушілермен жұмыс істейтін болады. Полиция қызметкерлері жолдарда мұқият болу керектігін еске салады», - Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек . ӨКҚ брифингінде мәлімдеді.

Оқу жылының бастапқы кезеңінде жол қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін арттыру үшін мектеп округтерінде патрульдік полиция экипаждары, ювеналды полицейлер кезекшілік ететін болады. Бүгінгі таңда мектептердің жанындағы жол белгілерін ауыстыру, жасанды төмпешіктерді орнату жұмыстары жүргізілді. Барлығы 62 жасанды төмпешік орнатылды.

Сонымен қатар, «Абайлаңыз, балалар» жедел алдын алу шарасына дайындық кезінде жалпы білім беретін, мектепке дейінгі білім беру мекемелер аумағында 47 жаңа жол белгілері орнатылды, 43 жол белгі қалпына келтірілді, 10500 шаршы метр аумаққа жолды белгілеу сызықтары салынды және т.б.

Полицейлердің басты міндеттерінің бірі - жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осыған байланысты полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Салтанат Әзірбек ересек тұрғындарға жол ережелерін сақтауға, жол жүру бөлігін белгіленбеген жерлерден өтпеуге шақырды.

«Қоғамның әрбір мүшесінің жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауы өте маңызды. Құрметті ересектер, балаларыңызға дұрыс үлгі көрсетіңіздер. Әйтпесе, олар бұл әрекетті сіз болмаған кезде қайталайды», - дейді Салтанат Әзірбек.

ӨКҚ алаңында брифингке қатысқан спикер статистиканы келтірді. Жергілікті полиция қызметі басқармасының мәліметінше, ағымдағы жылдың 7 айында Алматыда балалардың қатысуымен 381 жол-көлік оқиғасы орын алып, 384 бала жарақат алып, 5 бала қайтыс болды.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, ПД өкілі қалада апаттық орындарға талдау жүргізілгенін, бұл аудандар бойынша апат жиі болатын учаскелерді анықтауға мүмкіндік бергенін айтты:

Алатау ауданы - Райымбек даңғылы, Рысқұлов көшесі, Солтүстік айналма көшесі.

Алмалы ауданы - Төле би даңғылы, Сейфуллин даңғылы, Байтұрсынов көшесі.

Әуезов ауданы – Абай даңғылы, Алтынсарин көшесі, Райымбек даңғылы

Бостандық ауданы - Әл-Фараби даңғылы, Жандосов көшесі, Жароков көшесі.

Жетісу ауданы - Ангарская көшесі, Солтүстік айналма көшесі, Жансүгіров көшесі.

Медеу ауданы – Достық даңғылы, Құлжа тракті, Халиуллина көшесі

Наурызбай ауданы – Жүнісов көшесі, Райымбек тракті, Әшімов көшесі

Түрксіб ауданы - Сүйінбай даңғылы, Шолохов көшесі, Майлин көшесі.

«Білім беру мекемелері аумағында көлік жылдамдығын бақылау үшін «Сергек» АӨК-нің 12 бекеті жұмыс істейді. Сонымен қатар, 2023 жылы «Сергек» АӨК-нің 97 постын орнату жоспарлануда», - деп қорытындылады Салтанат Әзірбек.

Фото - sputnik.kz

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.