"ТОҚАЕВТІҢ САЯСАТЫНА ҚАРСЫСЫЗДАР" МҰҒАЛІМДЕРГЕ ҚЫР КӨРСЕТКЕН ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ


Открытый диалог / 22 сен 2023 31

Осыдан бір апта бұрын Түркістан облысы Жетісай ауданы Микоян аулындағы Тұрар Рысқұлов мектебінде дау шыққан

100 ден аса мектеп мұғалімдері Жетісай ауданының білім бөлімінің басшысы Ғазиза Әлібекқызына арыз тастап, төменгі сыныптарды жаңа мектепке ауыстырмауы туралы уәждерін білдірген.

Біздің редакцияның журналистері жаңа салынған мектептің жағдайын біле, бастауыш сыныптарға арналған сыныптар мен әжетхана, асханаға толық жабдықталғанмағанын анықтап кетті. Білім басқармасының ауызша берген бұйрығына ата-аналар мен мұғалімдер қарсылық танытып отыр. Жаңа мектептің бірінші қабатына бірінші сынып оқушыларын оқытып жатыр. Бірінші сынып оқушыларының парталары "совет" үкіметінен келе жатқан парта.

Жоғарғы сынып оқушысына арналған партаға отырған бірінші сынып оқушылары, жазуларын тұрып жазғанын байқадық. Мектептің әжетханасына бару, бірінші сынып оқушыларына қиындық туындатып отыр. Ескі мектептке 5 сынып оқушыларын көшіріп үлгерген. Жоғарғы сынып оқушыларына арналған жабдықтар ескі мектепте болмай шыққан. Оқушылар мен мұғалімдерді әуреге салғанын білге ата-аналар Білім басқармасына қарсылық танытып, төменгі сынып оқушыларын ескі мектепте қалуын талап етуде.

"Президенттің жаңа тапсырмасында, бірінші және төртінші сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету болған еді." Бұрын мектеп ескі ғимаратта орналасқан, ескі қолданыстағы парталарды пайдалануға тура келді"- деді мектеп директоры Сағит Дүйсенбеков.

Журналистік зерттеу агенттігі "Xaqmedia.kz"-87774717140

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.