Тоқаев бірнеше жоғары лауазымды шенеунікті қызметінен босатты
Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы президентінің Әкімшілігінде басқару құрылымының өзгеруіне байланысты:
– Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымынан;
– Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Қазақстан Республикасы президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан;
– Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан;
– Ержан Хозеұлы Қазыхан Қазақстан Республикасы президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымынан;
– Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан;
– Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары – президенттің баспасөз хатшысы лауазымынан;
– Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі лауазымынан;
– Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.
– Әлтайыр Амангелдіұлы Ахметов Қазақстан Республикасы президенті Әкімшілігінің мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі лауазымынан;
– Ерлан Ысқақұлы Байтұқбаев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі лауазымынан;
– Азамат Нұрланұлы Дүйсембеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан;
– Рақымжан Серікбайұлы Ерназар Қазақстан Республикасы президенті Әкімшілігінің стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.
Фото - zakon.kz