300 мың киік атылады: заңсыздыққа барып отырған ірі компаниялар


Открытый диалог / 17 окт 2023 45

16 қазан 2023 жылы ҚР Президенті жанындағы “Орталық коммуникациялар қызметі” РММ Баспасөз конференциясында «Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және орман шаруашылығын дамыту туралы» ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев баяндамасын жасады

Көтерілген сұрақтың бірінде қазіргі уақытта қанша киік атылады және Премьер-министрдің бұйрығы бойынша қай уақытқа дейін киіктің санын азайту керектігі туралы айтылды.

Министр Нысанбаев Е. "осы қаулымен қарашаның аяғына дейін 337 мың басты реттеуге жоспарлап отырмыз"-деді.

Xaqmedia.kz журналистінің қойған сұрағында "Көкжиде құм белдеуінің астында стратегиялық тұщы су қоры орналасқан жерде 300-ге жуық мұнай "скважинасы" бар.

Бұл аймақ Ақтөбе, Атырау, Ақтау толық сумен қамтуға мүмкіндігі бар. Кеңес одағында осы аймақты өндірістік мақсатта пайдалануға тиым салған. Ал, қазір мұнай өндіретін компаниялардың саны артып, ауаны ластап жатқаны белгілі. Қай уақытта? қашан? осы компаниялардың жұмысы тоқтатылады?".

2029 жылға тоқтату жұмыстары жоспарланып отырыр - деді министр Нысанбаев Е.

Су кодексіне сәйкес мұндай кен орындар шекарасында жер қойнауын пайдалануға тыйым салынған. Яғни, экология министрлігі қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан компаниялардың заңсыз жұмыс жасап жатқанын білген.

Журналистік зерттеу агенттігі "Xaqmedia.kz"-87774717140

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.