29 миллион айыппұл: Казахмыстың заңсыздығы


Происшествия / 26 авг 2023 24

2023 жылдың 16 мамырында экология департаментінің қызметкерлері "XAQMEDIA" журналистік тергеу агенттігінің журналисті М. О. Жатқанбаевамен және мәслихат депутаттарымен бірлесіп, Жамбыл облысы, Шу ауданының тұрғындарымен "Қазақмыс "корпорациясы"ЖШС мыс кенін өңдеу және байыту фабрикасын салудың заңдылығы мәселесі бойынша кездесу өткізді

Кездесу қорытындысы бойынша экология департаментімен жоспардан тыс тексеру тағайындалды. Шатыркөл кенішінде фабриканың құрылысы экологиялық рұқсатсыз жүзеге асырылғаны анықталды, бұл ҚР Экологиялық кодексінің 106-бабының 5-тармағын бұзу болып табылады. Осы факті бойынша кәсіпорынға 29,2 млн. теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Сонымен қатар, Департамент рұқсат құжаттарын алғанға дейін зауыт құрылысын тоқтата тұру туралы сотқа талап арыз бергені туралы Жамбыл облысының экология департаментінің қызметкері Смагулов Т. айтып кетті.

Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (бұдан әрі - Департамент) мен аудандық басқарма мамандарымен және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өкілінің қатысуымен Жамбыл облысы Шу ауданындағы Шатыркөл кенішінің біліктілік талаптарына сәйкестілігіне тексеру жүргізілді. Тексеру барысында бірқатар бұзушылықтар анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша заңды тұлғаға әкімшілік жаза қолданылып, айыппұл салынды, бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді.

Ұйғарымның орындалуы Департамент бақылауында тұр.

https://www.youtube.com/watch?v=_Dd-q8T7MXw

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.