Жыл қорытындысы бойынша негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика күтілуде - Ұлытау облысының әкімі


Новости / 20 ноя 2023 19

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы негізгі өзгерістер жайлы баяндады.

Дереккөз:ortcom

«Облыс экономикасының одан әрі даму векторын айқындайтын өнеркәсіп саласының ЖӨӨ-дегі үлесі 60%-дан асады. Жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнім көлемі республикадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады, жалпы 4-орын және 3,4 млн теңгені құрайды, бұл орташа республикалық деңгейден 30%-ға жоғары. Жыл соңына дейін жан басына 7,5 млн теңге болады деп күтілуде», - деді өңір басшысы.

Сонымен қатар өңірде тұрғын үйді пайдалануға беру 54%-ға, негізгі капиталға инвестициялар 22%-ға, көлік пен сауданың тиісінше 4%-ға, орташа айлық жалақы 471 300 теңгеге дейін өсті, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,3 есе жоғары. Жалпы, жыл қорытындысы бойынша біз негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамиканы күтеміз.

Дереккөз:ortcom

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.