ЖИ көмегімен ЖЭК генерациясын болжау дәлдігі 80%-ға дейін артады


Новости / 21 авг 2026 27

«Самұрық-Энерго» АҚ жаңартылатын энергетика нысандарында электр энергиясын өндіруді жоспарлау үдерістерін цифрландыру жобасын жүзеге асыруда. Жасанды интеллект пен машиналық оқытуға негізделген шешімді 2026 жылдың соңында іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

Болжау дәлдігі жел генерациясы нысандары үшін ерекше маңызды, өйткені өндірілетін электр энергиясының көлемі метеорологиялық жағдайларға тікелей байланысты. Атап айтқанда, құбылып тұратын әрі болжау қиындыққа түсетін желдің жылдамдығына тәуелді.

Шешімнің негізінде метеорологиялық қызметпен интеграцияланған жасанды интеллект моделі жатыр. Жүйе жел электр станцияларында электр энергиясын өндіруді болжауға қажетті кеңістікте және уақытқа сай нақтылай отырып, метеорологиялық деректерді барынша өңдейтін болады.

ЖИ моделін оқыту және бейімдеу үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі (ЭКЕАЖ) және SCADA жүйелерінен алынған тарихи әрі жедел деректер — электр энергиясын өндірудің нақты көрсеткіштері мен жабдық жұмысының технологиялық параметрлері пайдаланылатын болады. Бұл нақты пайдалану жағдайларын ескеруге және генерацияны болжау дәлдігін 80%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде операциялық жоспарлаудың тиімділігі артып, нақты өндірілген электр энергиясы көлемінің мәлімделген көлемнен ауытқуына байланысты қаржылық шығындар азаяды.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.