Жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің шегі бұрынғы деңгейіне оралды


Новости / 09 апр 2024 33

Жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің ұлғайтылған шегі бойынша ЕЭК Кеңесінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 94 шешімінің қолданылу мерзімі аяқталды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 94 шешімі Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 «Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы» шешімімен көзделген жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің ұлғайтылған шегінің қолданысын ұзартқан болатын.

Осыған орай, 2024 жылғы 1 сәуірден бастап бажсыз әкелу шегі өзінің бұрынғы деңгейіне оралды, яғни:

  1. Алып жүретін немесе алып жүрмейтін багажда әуе немесе жаяу тәртіптен басқа көлік түрлерімен әкелінетін тауарлар үшін – құны 500 еуроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы 25 кг аспайды;
  2. Тасымалдаушы жеткізетін немесе халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жөнелтілетін тауарлар үшін-құны 200 еуроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) брутто салмағы 31 кг аспайды.

(Дереккөз:ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметі)

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.